Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығы
(2015.14.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы 131-бабының 3-тармағына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы жетонының үлгісі;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгісі.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Р. Түсіпбеков |
Әділет министрінің
2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 942 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік сот орындаушысына арналған нысанды
киімінің (погонсыз) үлгілері
ҚР Әділет министрінің 2013.02.04. № 100 бұйрығымен 1-сурет жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік сот орындаушысының
(ерлер) жазғы нысанды киімі
1-сурет
ҚР Әділет министрінің 2013.02.04. № 100 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.14.01. № 13 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-сурет жаңа редакцияда
Мемлекеттік сот орындаушысының
(ерлер) қысқы нысанды киімі
2-сурет
ҚР Әділет министрінің 2013.02.04. № 100 бұйрығымен 3-сурет жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік сот орындаушысының
(әйелдер) жазғы нысанды киімі
3-сурет
ҚР Әділет министрінің 2013.02.04. № 100 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.14.01. № 13 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-сурет жаңа редакцияда
Мемлекеттік сот орындаушысының
(әйелдер) қысқы нысанды киімі
4-сурет
Мемлекеттік сот орындаушысының нысанды киімдері (погонсыз) үлгілерінің сипаттамасы